17:54 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
5111 0 0

Фермер дрон екі қойшының ісін атқарады дейді. Соның есебінен оларға айлық ретінде беретін 150 мың теңгесін үнемдеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Жамбылдық фермер елде жоқ әдіспен мал бағып, жұртты таңдандырып жүр. Ол төрт түлігін дронмен бағады. Қойын құс ұшар биіктіктен бақылап, қашықтан қадағалайды. Мұндай тың тәсілдің арқасында жоғалған малдың саны азайып, еңбек өнімділігі артқан, деп хабарлады Almaty.tv.

Гауһарбек Шонтаевтың жасы 60-тан асқан. Екінші топ мүгедегі болса да шаруасын дөңгелетіп отыр. Егін де егеді. Ал төрт түлікті бағу әдісі тіпті керемет. Талайды таңғалдырған 5 баланың әкесі ұсақ малды дронмен түгендейді.

"Жылқының қайда кетіп бара жатқанын бақылауға болады. Оның үстіне оларға чип салдырып қойдым. Қай жерде жүргенін үйден көріп отырамын. Дронды сол жаққа тіке бағыттаймын. Қасында қандай адам немесе көлік кетіп бара жатқанын көріп отырасың", – дейді шаруа Гауһарбек Шонтаев.

Фермер қанатты көмекші қой бағу құралы ретінде екі қойшының ісін атқарады дейді. Соның есебінен оларға айлық ретінде беретін 150 мың теңгесін үнемдеген.

Гауһарбек Шонтаев осылайша 10 шақырым жерден 150-ге жуық малын бақылайды. Түлігін сырттан қарап отырғалы олар бөтеннің егістігіне түсуді қойған. Тіпті, мал төлдеген уақытты, қалың шеңгел арасында қалып қойған малды оңай табамын дейді. Ұры-қарыдан сақтануға да септігі көп көрінеді.

"Түнде де көрінеді. Мысалы егісті қарауылдайтын болсақ, үстінен ұшырамыз. Мал жақындап қалса, үркітіп жібереміз. Видеоға да, фотоға да түсіріп алатыны бар. Бұл кәдімгі тікұшақ сияқты болып тұр ғой. Дәл төбесінен түсіреді", – деді Гауһарбек Шонтаев.

Бірнеше малшының міндетін атқаратын аппараттың арқасында жұмысым жеңілді деген шаруа енді мал басын көбейтуді көздеп отыр.

Загрузка...

Басты тақырып