АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Алматыдан Алакөл демалыс аймағына жүретін пойыздар саны артты. Қазір бар үш рейске тағы бір пойыз қосылды, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.
Алматы-2 – Достық бағытындағы №221/222 пойызы аптасына екі рет қатынайды:
- Алматы-2 стансасынан 2021 жылдың 15 маусымынан 28 тамызға дейін сейсенбі және сенбі күндері жөнелтіледі;
- Достық стансасынан 2021 жылдың 16 маусымынан 29 тамызға дейін сәрсенбі және жексенбі күндері келу/кету рейсі бар;
- Алматы-2 стансасына 2021 жылдың 17 маусымынан 30 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері келеді.
- Осындай шешімге тасымалдаушы компания жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты келді.
Алматыдан Алакөлге пойызбен тағы қалай жетуге болады:
- №255/256 Алматы – Достық пойызы 18 маусымнан сәрсенбі, жұма, жексенбі күндері жүреді;
- №453/454 пойызы Алматы-2 – Достық бағыты бойынша 18 маусымынан дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері қатынайды;
- Алматы-1 – Достық бағыты бойынша №21/6942/6941/22 пойыз тікелей қатынайды.
Тасымалдаушы компания жолаушылардан билетті ресми сайт арқылы алуды немесе "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы алуға кеңес береді.