05:47 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3582 0 0

Ажырасу процесі кезінде дүние-мүлік әділ бөлінбеді деп санаған Есік тұрғыны ұрлық жасап, полицияға түсті

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Алматы облысында судьяның мүлікті бөлуге қатысты шешіміне наразы болған ер адам бұрынғы әйелінің көлігін ұрлап кетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.  

Ресми мәліметке сәйкес, Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімшесіне хабарласқан 36 жастағы әйел үйдің алдында тұрған Hyundai Tiburon автокөлігінің ұрланғанын айтқан. Тәртіп сақшылары бірден көршілерден жауап алуға кірісті. Бір адам жәбір көрген әйелдің бұрынғы күйеуінің ұрланған көлікпен шығып келе жатқанын көрген.  

"34 жастағы ер адам өз кінәсін бірден мойындап, көліктің қай жерде тұрғанын айтты. Ол бұрынғы әйелінің кілтті көлікте қалдыратын әдетін біліп, үйдің ауласына жасырын кірген. Одан кейін ажырасу процесі кезінде судьяның шешімімен әйеліне берілген көлікті ұрлап кеткен", - дейді полицейлер.  

Тәртіп сақшылары темір тұлпарды заңды иесіне қайтарып берді. Ол өз ризашылығын білдірді. Ал оның бұрынғы күйеуіне қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, 1996-2003 жылдары шығарылған Hyundai Tiburon маркалы спорткар 1-3 миллион теңге тұрады.

Загрузка...

Басты тақырып