Өңірлер

Қостанайда көлік жүргізушісіне 2 миллион теңгенің айыппұлы салынды

© Photo : Рixabay/StockSnapМужчина за рулем
Мужчина за рулем - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
Жас жігіт екі айдың ішінде жол жүру ережесін 96 рет бұзған

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым - Sputnik. Қостанай қаласында көлік жүргізушісі 2 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция депаратментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, тәртіп сақшылары патрульдеу кезінде "Ваз 2109" маркалы көлікті тоқтатқан. Ал электронды жүйені тексеріп қарағанда көлік жүргізушісінің 8 сәуірден бастап жол жүру ережесін  96 рет бұзғанын анықтады. Полицейлер бірден сол жерде әкімшілік хаттама толтырып, жас жігітке 2 миллион теңгенің айыппұлын салды. 

"Оның көлік жүргізу куәлігі де болмай шықты. Сақтандыру полисі де болмады", - дейді полицейлер.

Жас жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша хаттама рәсімделді. Көлік әкімдіктің арнайы тұрағына қойылды.

Жол жүру ережесін бұзу жағынан рекорд жасаған тағы бір жүргізуші Рудный қаласында анықталды. Ол 10 сәуірден бері 37 рет жол ережесін бұзған. Айыппұлдың көлемі 740 мың теңгені құрады.

Оқи отырыңыз: Өз есімін жазып алған: Түркістан облысының тұрғыны жауапқа тартылды

Айта кетейік, тәртіп бұзушылардың бәрін "Автоураган" кешені арқылы анықталды.

Жаңалықтар
0