Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда үйінде қару жасаған қария тұтқындалды

© Photo : ДП СКОШағын шеберхана
Шағын шеберхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Сараптама қорытындысы табылған заттардың қолдан жасалған гранатаның өздігінен жарылатын оқ-дәрілер түріне жататынын растаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында зейнеткер үйде жарылғыш құрылғылар өндірісін ұйымдастырды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Шал ақын аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларын 63 жастағы ауылдасынан тәркілеген.

"Тимирязев ауданының орталығына келген тұрғыннан полицейлер пышақ пен пілтелі темір түтікше сияқты қолдан жасалған қаруға ұқсас затты байқаған. Тексеру барысында оның үйінен жарылғыш құрылғылар жасауға арналған басқа да заттар, патрон мен қолдан жасалған екі граната табылды", – делінген хабарламада.

Сараптама қорытындысы табылған заттардың қолдан жасалған граната мен жою қарқыны жоғары және термиялық деструктивті әсері бар өздігінен жарылатын оқ-дәрілер түріне жататынын растады.

Қазіргі кезде тергеу әрекеттері жүргізілуде. Шал ақын аудандық соты күдіктіні қамауға алу жөнінде шешім қабылдады.

Аталған фактілердің негізінде Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Оқи отырыңыз: Темір ұстасы қару-жарақтың қалай жасалатынын көрсетті – видео

Айта кетейік, қолданыстағы заңда мұндай әрекет үшін кінәліге 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі айыппұл (1 АЕК – 2 917 теңге) немесе сол мөлшерде түзеу жұмысына тарту, бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

Жаңалықтар
0