Өңірлер

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бос қалған орынға жаңа маман тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Жазылу
Әкімнің бұрынғы орынбасары Иван Турков республикалық және жергілікті жолдардың құрылысын бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 8 маусым – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында әкімнің автожолдар, көлік және құрылыс мәселелері жөніндегі орынбасары тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, осы қызметке Сәтжан Аблалиев тағайындалды. Ол бұған дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болған.

© Photo : пресс-служба акима Северо-Казахстанской областиСәтжан Аблалиев
Тоқаевтың тапсырмасынан кейін бос қалған орынға жаңа маман тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2021
Сәтжан Аблалиев

Сәтжан Аблалиев туралы не білеміз

51 жастағы Сәтжан Аблалиев Алматы автомобиль-жол институтын "инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша және Қазақ қатынас жолдары университетін "инженер-экономист" мамандығы бойынша тәмамдаған. Техника ғылымдарының кандидаты. "Құрмет" орденінің, "Ерен еңбегі үшін" медалінің иегері.

Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясының инженер-техникалық қызметінің оператор-коллектор қызметінен бастаған. Одан кейін Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының көлік құрылысы институтында жұмыс істеді. "Көпірлер мен тонельдер" кафедрасының доценті, институт директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары болды.

Сәтжан Аблалиев ұзақ жылдар бойы көлік және коммуникациялар министрлігінде еңбек етті. Ал 2019 жылдан бастап индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Айта кеткен жөн, әкім орынбасарының орны сәуір айынан бері бос тұрған. Аймақ басшысының бұрынғы орынбасары Иван Турков республикалық және жергілікті жолдардың құрылысын бақылауды дұрыс жүргізбегені үшін президенттің тапсырмасымен қызметінен босатылған болатын.

Оқи отырыңыз: "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Бұдан бөлек, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасы Сайранбек Бармақов, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов пен Ақтөбе облысы әкімнің орынбасы Нұржауған Қалауов қызметінен кеткен.

Жаңалықтар
0