Өңірлер

Байқоңырда төртінші қабаттан құлап кеткен бір жасар бала аман қалды

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2021
Жазылу
Бала шыбын-шіркей мен масадан қорғайтын торға сүйеніп, терезеден құлап кеткен. Прокурорлар тексеру жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 маусым - Sputnik. Байқоңырда бір жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұған шыбын-шіркей мен масадан қорғайтын тор себеп болды, деп хабарлады жергілікті прокуратура.

"Бір жасар бала масадан қорғайтын торға сүйеніп тұрып көп қабатты үйдің төртінші қабатының терезесінен құлап кетті", - деді қадағалау органдағылар.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Медицина қызметкерлері оның өмірін сақтап қалу үшін барлық шараларды қабылауда.

Прокурорлар оқиға болған уақытта ұлдың ата-анасы қайда болғанын және оның терезеге қалай көтерілгенін анықтап жатыр.

"Аталған факт бойынша кешен прокуроры Александр Трифонов тексеріс жүргізуге бастама болды. Тексеру барысында зардап шеккен баланың құлап кетуіне жол берген ата-анасының әрекет етіп-етпегені бағаланады", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында бір жарым жасар сәби ауладағы құдыққа түсіп кетті

Естеріңізге сала кетейік, небәрі екі күн бұрын, 1 маусым күні Оралда екі жасар бала бесінші қабаттан құлап мерт болды.

Жаңалықтар
0