Өңірлер

Сүйіктісін іздеген: Алматы облысында ауыл тұрғындарының зәресін ұшырған жігіт ұсталды

© pixabay.comРуки мужчины на стекле, иллюстративное фото
Руки мужчины на стекле, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Сәуірде Шалқар ауылында 29 жастағы жігіт жеке үйге оқ жаудырды. Жарақат алған 62 жастағы ер адамның аяғын кесуге тура келді

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Алматы облысында 25 сәуірге қараған түні Қарасай ауданының Шалқар ауылындағы үйлердің біріне оқ жаудырған жігіт ұсталды.

Белгілі болғандай, жігіт сүйіктісін қайтару үшін оны іздеген. Күдікті қарумен бірнеше рет оқ атып, 62 жастағы ер адамды аяғынан жарақаттаған. Кейінірек дәрігерлер оның аяғын кесуге мәжбүр болды.

Оқи отырыңыз: Өскеменде қызды қарата алмаған жігіт ойға кіріп-шықпайтын қылмыс жасады 

Оқ атқан жігітке іздеу жарияланды. Аталған факт негізінде Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 99-бабы бірінші бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады Алматы облысының полиция департаменті.

31 мамырда күдікті – Қаскелең қаласының тұрғыны Тұрар ауылында ұсталды.

Ол қылмысты мас кезінде жасағанын айтты. Қаруды су қоймаларының біріне лақтырып, ос уақытқа дейін жасырынып жүрген, деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0