Өңірлер

Түркістан алдағы бес жылда қалай өзгереді – кешенді жоспар таныстырылды

© Photo : Түркістан облысының әкімдігіТүркістанда "Керуен-Сарай" туристік кешені ашылды
Түркістанда Керуен-Сарай туристік кешені ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.06.2021
Жазылу
Жоспарды іске асыруға 3,6 триллион теңге қажет

НҰР-СҰЛТАН, 1 маусым – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, жоспарды іске асыруға 3,6 триллион теңге қажет. Оның ішінде республикалық бюджеттен – 530,6 миллиард теңге, жергілікті бюджеттен – 348,5 миллиард теңге, жеке инвестициялардан – 2,7 триллион теңге.

Бұл ақшаның бір бөлігіне мұнай өңдеу зауытын, химия кешенін және тұрмыстық техниканы өндіру зауытын салу, сондай-ақ "ТURKISTAN" арнайы экономикалық аймақ аумағын 973 гектарға ұлғайту көзделіп отыр.

Денсаулық сақтау саласында 570 төсек-орындық көпбейінді аурухана, ауысымда 500 адам қабылдайтын үш емхана, жедел медициналық жәрдем станциясы, сондай-ақ ана мен бала орталығы салынады.

"3 ауысымды және апатты мектептерді жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 130 жаңа мектеп салынады. Назарбаев зияткерлік мектебі мен жатақханасы бар "Дарын" мектеп-интернатының құрылысы жоспарланып отыр", -деді Ерғалиев үкімет отырысында.

Бұдан бөлек теннис орталығы, мұз сарайы, ат-спорт кешені және басқа да объектілер бой көтереді.

Сондай-ақ Шымкенттің оңтүстік-батыс айналма жолы, Сарыағаш қаласының айналма жолы, Түркістан қаласының шығыс айналма жолы, сондай-ақ Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев жұртты таңғалдырып жатқан қаланы аралап көруге кеңес берді

Күлтөбе қалашығының кесенелерін, тарихи нысандарын қалпына келтіру, Түркістандағы "Әзірет Сұлтан" музей-қорығының аумағын абаттандыру жалғасады.

"Кешенді жоспарды іске асыру 2025 жылға қарай шамамен 40 мың жаңа жұмыс орнын құруды, негізгі капиталға инвестициялар 3 есе және өнеркәсіп көлемінің 35%-ке өсуін, еңбек өнімділігінің 52,1%-ке ұлғаюын, халықтың нақты кірістерінің 54,8%-ке өсуін қамтамасыз етеді", - деді министр.

Айтуынша, кешенді жоспарды уақтылы және толық іске асырудың арқасында 2025 жылы жалпы өңірлік өнім 6,3%-ке өседі деген болжам бар.

Жаңалықтар
0