Өңірлер

"Қарызға алған едім": Аягөз әкімі қанша жерден ақталса да сотталып кетті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых
Архивное фото людей в наручниках в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.05.2021
Жазылу
Ол табиғи апаттан кейін тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін 1,2 миллион теңге пара алған

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласының әкімі аса ірі көлемде пара алғаны үшін 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Күдікті Аягөз әкімі болып жұмыс істеп жүрген кезде 2020 жылдың 16 және 17 қыркүйегінде "Көркем" ЖК мердігер ұйымнан табиғи апаттан зардап шеккен тұрғын үйлерді қалпына келтіру бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін 1,2 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл туралы Аягөз аудандық соты хабарлады.

Әкім қаражатты алғаннан кейін қызметтік кабинетінде ұсталды.

Қылмыстық істі Аягөз ауданының соты Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) бойынша қарады.

Прокурор сотталушыны 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. Алайда бұрынғы әкім бұл ақшаны қарызға алғанын айтып, тағылған айыпты мойындамады.

Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?

Соттың мәліметінше, Қуаныш Азыхановтың кінәсі куәгерлер мәлімдемесімен толық дәлелденді. Ал қаражатты қарызға алу туралы мәлімдемені жоққа шығарды.

Қылмыстық кодекстің 366-бабының 2-бөлігі (Пара алу) 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сот жазаны жеңілдететін мән-жайды анықтаған жоқ. Ал ант қабылдаған адамның қылмыс жасауы жазаны ауырлататын мән-жай ретінде танылды.

Сот бұрынғы әкімді төрт жарым жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтар
0