Өңірлер

Өскемен мен Үржар әуежайындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатыны айтылды

© REUTERS / Aly SongӘуежайдың ұшу-қону алағындағы ұшақ
Әуежайдың ұшу-қону алағындағы ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2021
Жазылу
Даниал Ахметов мемлекет басшысына жылына 300 мың тонна өнім шығаратын майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін одан әрі кеңейту жоспарын таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке Шығыс Қазақстан облысының жыл басынан бергі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.

Кездесу барысында өңірдің инфрақұрылымдық даму мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылысы бойынша берілген тапсырмалардың орындалуы, сондай-ақ Семей қаласындағы жүк таситын көліктерге арналған көпірдің қайта жөнделу барысы баяндалды.

"Атап айтқанда, Даниал Ахметов президентке Өскемен мен Үржар қаласындағы әуежайды қайта жөндеу жұмыстары туралы ақпарат берді. Әуежайларды жаңғырту жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады", – делінген ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына арналған тұрғын үйлер мен инфрақұрылымдардың құрылысын жылдамдату қажет екенін айтты.

Сондай-ақ әкімнің айтуынша, 2020 жылы жағдайы төмен және көпбалалы аналарға 1 049 пәтер мен үй берілсе, ал осы жылдың соңына дейін оларға қосымша тағы 1 125 баспана беріледі.

Кездесуде көтерілген тағы бір мәселе – аграрлық сектордың экспорттық әлеуетін нығайту перспективалары болды. Даниал Ахметов мемлекет басшысына жылына 300 мың тонна өнім шығаратын майлы дақылдарды қайта өңдеу зауытын іске қосу және ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін одан әрі кеңейту жоспарын таныстырды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев атом станциясын салуға қатысты үрейге бой алдырмауға шақырды

Одан бөлек, өңірдің индустриалды-инновациялық даму мәселелері тақырыптан тыс қалмады. Даниал Ахметов Ақтоғай тау-кен байыту комбинаты құрылысының екінші кезеңі туралы мәлімет берді.

Президент кездесу қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкіміне бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0