13:26 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
485 0 0

Кәмелетке толмаған бала кеше кешке үйінен шығып, қайтып оралмаған. Ұлдың анасы түн ортасында полициядан көмек сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қызылорда полицейлері жоғалып кеткен он екі жастағы Бектұраз Сазақовты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды қалалық полиция басқармасы.

27 мамыр түнгі сағат екіде қала тұрғыны полицияға хабарласып, көмек сұраған.

Әйелдің айтуынша, кәмелетке толмаған ұлы Бектұраз Сазақов 26 мамыр кешкі 18:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @dp_kzo

Баланың белгілері: бойы 110-115 см, арықша келген, қара торы, шашы қара, бетінде қалы бар. Үстіне жасыл футболка, қара-ала шорты киген, аяғында ақ түсті кроссовка болған.

Қызылорда қалалық полициясы Бектұразды көрген-білгендер болса, мына телефон нөмірлеріне хабар беруді сұрайды: 8(7242)-29-75-20 немесе 102.

Кілт сөздер:
Қызылорда облысы, полиция, бала
Загрузка...

Басты тақырып