Өңірлер

Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео

© Sputnik / Елена БережнаяГорячие выходные: балконы трех этажей многоэтажки пылали пламенем в Петропавловске
Горячие выходные: балконы трех этажей многоэтажки пылали пламенем в Петропавловске - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Жазылу
Өңірде демалыс күндері төрт тұрғын үй, алты қосалқы ғимарат және үш көліктен өрт шықты

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр - Sputnik. Петропавлда орталық саябақ аумағында орналасқан үш қабатты тұрғын үйде ірі өрт болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

Әлеуметтік желіде тараған видео фильм кадрларын еске түсіреді.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Орал Абдрахманов дүйсенбі күні өткен брифингте үйдегі өрт туралы ақпарат жексенбі күні сағат 14:22-де келіп түскенін айтты.

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдағы өрт
Петропавлда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.05.2021
Петропавлдағы өрт

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 11 минутта жетті. Өрт сөндіру бекеті төтенше жағдай орнынан алты шақырым жерде орналасқан. Өрт сөндірушілердің жұмысын жол бойындағы кептеліс, көшелер мен ауладағы көліктердің тығыз орналасуы қиындатты. Сондай-ақ өрт сөндірушілер қақпа жабық болғандықтан аулаға бірден кіре алмады.

"Өрт сөндіру қызметі келген уақытта бірінші қабаттан үшінші қабатқа дейінгі үйлердің бакондары өртке оранып жатты. Өрт үйдің шатырына жайыла бастады. Үйден 12 адам эвакуацияланды. Екі адам құтқарылды, оның ішінде бірінші топтағы мүгедек бар. Сағат 15:36-да өрт оқшауланып, сағат 16.02-де толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - деді Абдрахманов.

Террасса, балкон және шатырдың ағаш құрылымы өртеніп кетті. Жоғары температурадан жоғарыда орналасқан пәтерлердің балкондары мен терезелерінің пластикалық бөлігі балқыған.

"Өрт 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Болжам бойынша өртке электр қондырғысынан конструкциялардың тұтануы себеп болуы мүмкін. Оқиға орнында мамандар жұмыс істеп жатыр, өрттің нақты себебі мен шығын көлемі анықталуда", - деп сөзін аяқтады Абдрахманов.

Васильев көшесіндегі өрттен кейін жарты сағаттан соң Жұмабаев көшесіндегі үйдің жаңып жатқаны туралы хабар түсті. Бұл үйде ешкім тұрмағанымен өрт көрші жеке үйлерге жайылып кетуі мүмкін еді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда "Барыс Аренаның" артындағы қураған шөп өртенді

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша өңірде өткен демалыс күндері 13 өрт болды. Төрт тұрғын үй, алты қосалқы ғимарат және үш көлікте өрт шыққан.

Жыл басынан бері облыста 295 өрт тіркелді, оның 80%-і жеке тұрғын үй секторында болды. Өрт қаупі бар кезең басталғаннан бері 14 орман өрті тіркелді.

Жаңалықтар
0