Өңірлер

Гаражға таласқан: Жезқазғанда ер адам көршісін ауруханадан бір-ақ шығарды

CC0 / / Гараждар
Гараждар - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.05.2021
Жазылу
Екі ер адам иесіз қалған гаражға таласқан, күдікті ұсталды, кінәсін мойындап отыр. Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр – Sputnik. Жезқазғанда гаражды бөлісе алмаған ер адам көршісін жарақаттады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 19 мамырда болды. Жезқазған полициясына медициналық мекемеге дене жарақатымен 53 жастағы ер адам жеткізілгені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жәбірленуші 33 жастағы көршісімен жанжалдасып қалғаннан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Екі ер адам көпқабатты үйдің ауласында иесіз қалған гаражға таласып қалған. Ашуға булыққан 33 жастағы адам үйінен тапанша алып шығып, жәбірленушіге оқ атқан.

Жедел тергеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады. Ер адамнан бос патрондар қолданылатын тіркелген тапанша тәркіленді.

Тағы оқыңыз: Ауыл сыртындағы орға тастаған: Алматы облысында 31 жастағы ер адамды атып кетті

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бір мың АЕК айыппұл, түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiн бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0