Өңірлер

Шахтинскіде жұмбақ жағдайда жоғалған екі баланың анасы табылды

CC0 / / Силуэт девушки на фоне окна, иллюстративное фото
Силуэт девушки на фоне окна, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2021
Жазылу
Қарағанды облыстық полиция департаменті барлық мән-жайды анықтағаннан кейін қосымша ақпарат беруге уәде берді

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Шахтинск қаласында үш күн бұрын жоғалған екі баланың анасы табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін ekaraganda.kz сайты 24 жастағы Ақжарқын Қайдырованың жоғалғанын жазған болатын. Оның күйеуі Нұртас Қайдыров алдымен полицияға арыз түсіріп, одан кейін жергілікті БАҚ арқылы келіншегіне іздеу салған. 15 мамырда Ақжарқын әкесінің үйін жинаймын деп, Шахтинск қаласындағы 26-орамға барған. Үйді жинап болғасын дүкенге кіреді. Оны куәгерлер де көрген. Бірақ азық-түлік алғаннан кейін ізім-ғайым жоғалған.

"Ол әкесінің үйінен шамамен сағат 16:30-да шыққан. Оған үш сағат бойы телефон шалдым. Бірақ ешкім жауап берген жоқ. Артынан телефон өшіп қалды. Бұған дейін үйден шықса, үнемін ескертіп отыратын. Құрбыларымен кездессе де, басқа бір шаруалары шықса да, міндетті түрде айтатын. Ол – өте жауапты адам. Екі баласын тастап кете алмайды", - деді Нұртас Қайдыров.

Оқи отырыңыз: Ақтөбеде жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыздар жалдамалы пәтерден табылды 

Қарағанды облыстық полиция департаменті келіншектің табылғанын хабарлады.

"Бүгін түнде ол үйіне келді. Қазір жауап алып жатырмыз. Барлық мән-жайды анықтағаннан кейін қосымша ақпарат таратамыз", - дейді полицейлер.

Артынан тергеушілер 24 жастағы келіншектің қалай табылғанын хабарлады. Олардың айтуынша, ерлі-зайыптылар ренжісіп қалған. Содан келіншек Қарағандыға тартып кеткен.

"Оның екі телефоны болған. Екеуі де өшіп тұрды. Бірақ біз оның қайда жүргенін анықтадық. Ол өзі де телефондарын қосқаннан кейін іздеу шараларының басталғанын түсінді. Артынан күйеуімен хабарласты. Ол келіншегін Қарағандыға барып алып кетті", - дейді полицейлер.

Жаңалықтар
0