Өңірлер

Қызымды күйеу балам өлтіріп кетті – Айсұлу Айтпаева

© Sputnik / Тимур БатыршинДомашнее насилие, иллюстративное фото
Домашнее насилие, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2021
Жазылу
Қара жамылған отбасы істің ашық әрі әділ тергелуін талап етті. Арнайы шағым жазып, құзырлы орын өкілдеріне өткізіп те қойған

НҰР-СҰЛТАН, 12 мамыр — Sputnik. Грузияда белгісіз жағдайда көз жұмған Әсел Айтпаеваның анасы қызын өлтірген өзінің күйеу баласы болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлады Хабар 24.

Өйткені әлгі адам оқиға болған түні ізім-ғайым жоқ болып кеткен. Байланысқа мүлдем шықпапты. Айсұлу Айтпаева ол Қазақстанға қашып кеткен болуы мүмкін деп отыр. Грузия прокуратурасы қылмыстық іс қозғаған. Олар марқұм өз-өзіне қол салуы мүмкін дейді. Дегенмен тергеу әлі жалғасып жатыр. Төрт бірдей адам күдікке іліккен көрінеді. Солардың арасында әлгі күйеу балалары да бар.

Қара жамылған отбасы істің ашық әрі әділ тергелуін талап етті. Арнайы шағым жазып, құзырлы орын өкілдеріне өткізіп те қойған.

Марқұм Әсел Айтпаева Грузияға жұмыс іздеп барған екен. Қанды оқиға болардан екі сағат бұрын анасымен телефон арқылы тілдесіпті. Грузияға келіп-кетуін өтінген екен. Одан бөлек, құрбыларына дыбыстық хабарлама жіберген. Сол жерде әлдебір ер адамның оған сес көрсетіп жатқаны естіліп қалыпты.

Еске салайық, 26 жастағы отандасымыз Әсел Айтпаеваның мерт болғаны туралы ақпарат 5 мамыр күні шыққан. Марқұм 9 қабаттан құлап қаза тапқан. Оқиғаның қалай болғанын Грузия полициясы анықтап жатыр. Ал марқұмның мәйіті бүгін елге жеткізілді, туыстары оны елорда іргесіндегі Қабанбай батыр ауылына жерлейді.  

Жаңалықтар
0