Өңірлер

Жаңбыр, бұршақ және жел: Қазақстанның бірнеше өңірінде дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / Kazuhiro NOGIҚатты жел, архивтегі сурет
Қатты жел, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2021
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, бұршақ түседі

НҰР-СҰЛТАН, 9 мамыр – Sputnik. Ертең, 10 мамырда елдің басым аумағында ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстікте, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста дауыл тұрып, бұршақ түсуі мүмкін.

Дабылды ескерту

Нұр-Сұлтанда қатты жауын жауып, найзағай ойнайды деп болжануда. Күндіз бұршақ түседі. Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20 метр жел соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде –  тұман, найзағай, дауыл, бұршақ. Желдің күші секундына 23-28 метрге дейін жетуі мүмкін.

Петропавлда да желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 метрге дейін барады.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде найзағай жарқылдайды, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында да кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтілуде. Күндіз секундына 15-20 метр жел соғады.

Қызылорда облысында батыстан, солтүстік-батыстан есетін желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Ақмола облысында нөсер жауын, тұман, найзағай, дауыл, бұршақ болжанып отыр. Кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

Көкшетауда түнде және таңертең найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, жел тұрады.

Павлодар облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында кей жерлерде қатты жауын, найзағай, бұршақ, түнде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан күндіз 15-20 м/с жел соғады.

Жезқазғанда күндіз желдің екпіні секундына 18 метрге дейін күшейеді.

Қостанай облысында кей жерлерде тұман және найзағай болжанып отыр, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Қостанайда да жел күшейеді деп күтілуде.

Түркістан облысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, жел тұрады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр, найзағай, бұршақ түсуі мүмкін. Секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метр жел соғады. Түнде ауа температурасы 10-12 градус, күндіз 14-16 градус жылы.

Алматыда да күн ала бұлтты, аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің екпіні секундына 12 метрге дейін баруы мүмкін. Сынап бағанасы түнде 13-15 градус, күндіз 20-22 градусты көрсетеді.

Шымкентте түнде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, күндіз көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Секундына 8-13 метр жылдамдықпен жел тұрады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 23-25 градус жылы.

Жаңалықтар
0