Өңірлер

Павлодарда бес жасар бала терезеден құлап кетті

© Sputnik / Владислав ВодневРебенок у окна, архивное фото
Ребенок у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2021
Жазылу
Бес жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті, ол облыстық ауруханаға жеткізілді

ПАВЛОДАР, 7 мамыр – Sputnik. Үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен бес жасар бала облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева хабарлады.

Оның айтуынша, жетінші мамырда сағат 9:55-те Камзин көшесіндегі көпқабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтердің терезесінен кішкентай бала құлап кеткен.

"Баланы жедел жәрдем Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жеткізді. Оған компьютерлік томография жасалды. Оның нәтижесі бойынша жабық бас сүйек-ми жарақаты, бас сүйек негізінің жабық сынығы диагнозы қойылды", - деді Темірғалиева.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр, оның жағдайы ауыр.

Сәуір айының соңында осындай жағдай Шымкентте болды. Екі жасар қыз екіқабатты үйдің балконынан құлап кетті. Көпбалалы ананың айтуынша, ол қызын жеті жасар ағасымен бір сағатқа ғана қалдырған. Осы уақытта бала балконнан құлаған.

Жаңалықтар
0