Өңірлер

Павлодарда жұмысқа бара жатқан ер адам асфальт астына түсіп кетті – видео

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуРазбитые дороги, архивное фото
Разбитые дороги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2021
Жазылу
Павлодар қаласының орталық көшелерінің бірінде асфальт опырылып, жаяу жүргінші шұңқырға құлап кетті

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Павлодар тұрғыны қаланың орталық көшелерінің бірі – Назарбаев даңғылында ойылған жерге құлап түсті. Оқыс жағдай кезінде ол телефонын сындырып алған, деп хабарлады оқиғаның видеосын жариялаған әлеуметтік желідегі пабликтердің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

"Даңғыл бойымен жұмысқа бара жатқанда құлап түстім. Қалтамда екі телефон болды, бірі қақ бөлініп қалды", - деді зардап шегуші.

Бұл хабарлама қала тұрғындарының наразылығын тудырды.

Бірі көшелердің таза емес екенін, жарық тартылмағанын айтса, енді бірі бағдаршам жұмысындағы ақауға назар аударды.

Арасында зардап шеккен павлодарлыққа жауапты адамдарды сотқа тартып, моральдық және метериалдық залалды өндіріп алуға кеңес бергендер де бар.

Сондай-ақ қала тұрғындары келеңсіз жағдайға тап болған ер адамның орнында жас бала немесе қарт кісі болғанда не болар еді деген сауал қойып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қытайда 21 көлік жер астына түсіп кетті – видео 

"2021 жылдың 6 мамырында гидравликалық сынақ жүргізу кезінде диаметрі 219 мм жылумен жабдықтау желісінің бүлінгені анықталды. Соған байланысты Назарбаев даңғылындағы жаяужолдың астындағы топырақ шайылған, содан шұңқыр пайда болған. Қазір құлаған жерге қоршау қойылды. Коммуналдық қызмет топырақтың қаншалықты шайылғанын анықтау үшін осы учаскедегі жаяужолды тексереді. Содан кейін қалпына келтіріледі", - деп түсіндірді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүлінген жер анықталғаннан кейін "Павлодар жылу желілері" ЖШС авариялық бригадалары жылу желісіндегі бұзылған жерді жою жұмысын бастайды.

Жаңалықтар
0