Өңірлер

Атырау сотында танымал спортшыны өлтіргендердің туыстары шу шығарды

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаСуд по делу экс-главы "Казводхоз" Омирбека Жампозова
Суд по делу экс-главы Казводхоз Омирбека Жампозова - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2021
Жазылу
Греплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айырылды

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Атырауда Азия чемпионын атып өлтіргендерге сот үкімі шықты. Бас күдікті 15 жыл арқаласа, қылмысты жасырған сыбайласы да темір торға тоғытылды.

Үкіммен екі тарап та келіскен жоқ, деп хабарлады КТК.

Оққа ұшқан спортшының ата-анасы қаскөйдің экс-полицей екені айтылмады десе, ауыр жаза арқалаған сол азаматтың туыстары әділ шешім шықпады деп сот залында шу шығарды.

"Қылмыс дәлелденбеді. Сот әділ өткен жоқ!", - дейді олар.

Бүгін сегіз айға созылған қылмыстық іске соңғы нүкте қойылды. Греплингтен Азия чемпионы Есенбек Сиғуатовты аңшы мылтығымен атып өлтірген Мағзұм Бекет 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қанды қылмысты жасырмақ болып қаруды суға лақтырып жіберген сыбайласы Бейімбет Дүйсенғалиев 3 жылға сотталды.

"Сотталған Мағзұм мен Дүйсенғалиевтің әрқайсынан 357 856 теңгеден мемлекеттің пайдасына өндірілсін. Мағзұм жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтесін", - деді Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Тыныштық Нұрымова.

Ал қайғыдан қан жұтқан спортышының ата-анасы сот үкімімен келіспейтінін айтты. "Жеңіл жазамен құтылды" деген ата-ана сотталушы тергеушілермен ауыз жаласқан деген күдікте. Өйткені қылмыс жасаған қос азамат та бұрынғы полиция қызметкерлері дейді.

Марқұм Есенбек Сиғуатовтың әкесі сот залында баласының өліміне қатысты ең маңызды нәрселер айтылмай қалғанына сенімді.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Азия чемпионын былтыр тамызда өлтіріп кетті. Марқұм Есенбек Сиғуатовты қала маңындағы төбелесте атып тастаған. Оны Мағзұм Бекет аңшы мылтығымен дәл жүрегінен атқаны сотта толық дәлелденді. Алайда басты қылмыскердің туыстары бұл үкіммен келіспейміз деп отыр.

Жаңалықтар
0