Өңірлер

Аю торды сындырды: Шымкенттегі хайуанаттар бағы қысқа мерзімге жабылды

© Photo : СС0 / PhoeniciaМедведь
Медведь - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2021
Жазылу
Хайуанаттар бағы әкімшілігінің дерегінше, қазіргі кезде жағдай қалыпқа келтірілген. Ал аю әдеттегідей қауіпсіз торға қамалып, қоректендірілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр – Sputnik. Шымкенттегі хайуанаттар бағындағы аю торды сындырып, қашып шығуға әрекеттенген.

Аюдың Шымкенттегі хайуанаттар бағынан қашып шыққаны туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп жазады жергілікті Otyrar.kz басылымы.

Ал хайуанаттар бағының әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олардың айтуынша, аю қашуға тырысқан, бірақ әрекеттенгенімен нәтиже шықпаған.

"Аю ешқайда қашып кетпеді. Бірақ кішкене торды сындырды. Осыған байланысты біз аумақты дереу қысқа мерзімге уақытша жауып тастадық", – делінген хабарламада.

Хайуанаттар бағы әкімшілігінің дерегінше, қазіргі кезде жағдай қалыпқа келтірілген. Аю әдеттегідей қауіпсіз торға қамалып, қоректендірілді.  

Айта кетейік, бұған дейін Sputnik Қазақстан Алматы хайуанаттар бағында дүниеге келген қонжықтар туралы жазған болатын. 

Оларға қала тұрғындарының дауыс беруімен Уолт Диснейдің "Братец медвеженок" мультфильміндегі кейіпкерлердің құрметіне Кенай мен Кода есімдері таңдалды.

Жаңалықтар
0