00:10 18 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD427.41
  • EUR519.47
  • RUB5.78
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3675 0 0

Сертификатты алуға денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт саласының мамандары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер, мүгедек балалары бар отбасылар, көпбалалы аналар өтінім бере алады

НҰР-СҰЛТАН, 5 мамыр — Sputnik. Шымкент қаласының әкімдігі 300 адамға 1 миллион теңгенің көлемінде тұрғын үй сертификатын тапсыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ақшалай сертификат қайтарымсыз негізде беріледі. Оны бастапқы жарна ретінде ғана пайдалануға болады. Ал сертификатқа өтінім берген адамның бір айлық табысының көлемі онымен бірге тұратын отбасының әрбір мүшесін  (жұбайы, зайыбы, кәмелетке толмаған балалары) бірге есептегенде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 2  көрсеткішінен (68 604) аспауға тиіс. Соңғы алты айдағы табыс есепке алынады. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы, және де өзге де міндетті аударымдар ескерілмейді.  

Сертифиткат алуға өтінім бере алатын адамдардың санаты да анықталды. Олар:

  • Шымкент қаласының мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындары;
  • денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары;
  • құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілер;
  • мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • толық емес отбасылар.

"Тұрғын үй сертификатын алуға өтінім қабылдау мамыр айына жоспарлануда. Алдын ала БАҚ-та және әлеуметтік желілерде хабарланады. Айта кетерлігі, биылдан бастап "Тұрғын үй сертификатын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі толығымен автоматтандырылған. Бұл қызмет бойынша азаматтардың құжаттарын қабылдау – ақпараттық жүйенің www.kezekte.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін әрбір азаматтың ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңбасы) болуы керек", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Айта кетейік, 2019 жылы тұрғын үй сертификаты 21 азаматқа, ал 2020 жылы 101 адамға берілді. Ақшалай сертификаттардың жалпы сомасы 100 миллион теңгені құрайды. Сертификат бойынша 8 (7252) 56 62 89 телефон нөмірі арқылы хабарласуға болады.

Тақырып бойынша

Қазақстандықтардың назарына: баспаналы болудың түрлі жолдары
Амандық Баталов: Көп балалы отбасыларға 1 миллион теңгеден беріледі
Қазақстандықтарға 2%-тік ипотека беріледі: министрлік шарттарын түсіндірді
Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады
Тұрғын үй сертификатының сомасы 1,5 миллион теңгеге дейін көбейеді  
Кілт сөздер:
Шымкент, баспана, тұрғын үй
Загрузка...

Басты тақырып