НҰР-СҰЛТАН, 3 мамыр – Sputnik. Түркістанда түнгі сағат екіде дауыс зорайтқышпен ән айтқан жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды жергілікт ОтырарТВ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Әлеуметтік желі қолданушылары арасында жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ән салып жүрген видеосы кең тарады.
"Жедел жәрдем көлігі Арыс орталық аудандық ауруханасына тиесілі болып шықты. Оқиға болған сәтте көлік ішінде науқас болмаған – жедел жәрдем шақырудан қайтып келе жатқан", – делінген ақпаратта.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, төртінші санатқа жататын бригадада жұмыс істейтін жүргізуші видео арқылы кешірім сұрағанымен, аурухана басшылығы аталған фактіні негізге ала отырып, оны жұмыстан босатуға шешім қабылдаған.