07:38 07 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3332 0 0

Орал қаласына кірер жерде бірінші мамырдан бастап блок бекеттер қойылды, полицейлер тәулік бойы кезекшілік атқарады

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының бірнеше ауданында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін сенбіден бастап блок бекеттер қойылды, деп хабарлады өңірлік "Мой Город" басылымы.

Батыс Қазақстан облысы бір айдан астам уақыттан бері вирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақта тұрғандықтан өңірдің бас санитар дәрігері жаңа шешім қабылдады. 1 мамырдан бастап Орал қаласына, сонымен қатар Ақжайық, Бөрлі, Қазталов, Теректі, Бәйтерек және Шыңғырлау аудандарына кіріп-шығу шектеліп отыр.   

Орал қаласында жеті жерде блок бекет орнатылды, онда полицейлер кезекшілік атқарып жүр:

  • Самара – Шымкент тас жолы, "Ақжол" кешенінің жанында Теректі ауданымен шектесетін жер;
  • жаңа көпір орналасқан аудан;
  • Жәңгір хан мен Айтқұлов көшелерінің қиылысы;
  • Саратов тас жолы мен Айтқұлов көшесінің қиылысы;
  • Белес ауылы жағынан кірер жердегі бекет;
  • Самара – Шымкент тас жолы, Самара қаласына барар жердегі бекет жаны;
  • Желаев тас жолы, "Орыс моншасы" кешеніне бұрылатын жер.  

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері рұқсат құжаттары мен stopcоvid.kz сайтында тіркеудің бар-жоғын тексеріп жатыр. Полицейлердің айтуынша, олар 12 сағаттан блок бекетте кезекшілік атқарады.

"Жағдай тұрақты, адамдар жағдайға түсіністікпен қарайды", - дейді полицей Бақдәулет Кәрімов.

Егер азаматтардың қолында анықтама болмаса және stopcоvid.kz сайтында тіркелмесе, олар 109-ға хабарласады.

Загрузка...

Басты тақырып