10:47 11 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1921 0 0

Қоғамдық тамақтану орындары мен фудкорттар тапсырысты жеткізу бойынша қалыпты режимде жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Шымкент қаласының бас санитар дәрігері 1 мамырда өз қаулысына өзгерістер енгізді. Бұл туралы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті хабарлады.

Қаулыға сәйкес, Ashyq жобасын пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарына тиісті шектеулер мен рұқсаттар белгіленді.

Қоғамдық тамақтану орындары, фудкорттар, балмұздақ пен сусындар сататын дүңгіршектер тапсырысты жеткізу бойынша қалыпты режимде жұмыс істейді. Сондай-ақ бұл нысандардан тамақты алып кетуге болады.

Оқи отырыңыз: Бас санитар дәрігер жаңа қаулыға қол қойды: қандай өзгеріс енгізіледі

Хайуанаттар бағы да қалыпты режим бойынша істейді. Тек аумақтағы аттракциондар тоқтатылады.

Еске сала кетсек, Шымкентте өткен тәулікте 105 адамнан коронавирус табылды. Пандемия басталғаннан бері қаланың 9 436 тұрғыны ауруға шалдықты. Қазір мегаполис "сары" аймақта тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бір өңірінде қалааралық және облысаралық автобустар тоқтатылады

 

Кілт сөздер:
Шымкент
Загрузка...

Басты тақырып