Өңірлер

"Әлі жүрсіңдер ме?": Жедел жәрдем дәрігерлерінің әрекеті халықтың ашуын келтірді

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2021
Жазылу
Төтенше жағдайдың куәгері дәрігерлердің шықпағанын байқаған соң жедел жәрдем қызметіне өзі жүгіріп жеткен

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір — Sputnik. Маңғыстау облысында жедел жәрдем қызметінің шақыртуға асықпауы желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Келеңсіздік Мұнайлы ауданында болған. Электр сымдарын жөндемек болған жұмысшы биіктіктен құлап кеткен. Алғашқы медициналық көмек орталығы оқиға болған жерден шамамен 1 шақырым қашықтықта отырады, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Төтенше жағдайдың куәгері дәрігерлердің шықпағанын байқаған соң өзі жүгіріп жеткен. Шақырту түскелі 10 минут өтсе де, алғашқы көмекке асыққан жан көрінбейді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы жағдайдан хабардар. Қазір арнайы қызметтік тексеру жұмыстарын жүргізіп жатқандарын айтты.

"Жедел жәрдем станциясының басшысы немесе сол күні кезекшілікте болған медицина қызметкерлері жауапкершілікке тартыла ма, жоқ па, қызметтік тексеру кезінде белгілі болады. Олардың әрекетіне құқықтық баға беріледі", - деді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұрбол Оқуов.

Жаңалықтар
0