16:11 24 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.61
  • EUR509.33
  • RUB5.88
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
6426 0 0

90-жылдардың соңында жеңіл жүрісті қыздарды өлтіріп, етінен тұшпара жасап жеген каннибалдар  "Қара бүркіт" түрмесінде отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар үшін Қазақстанда тағы бір мекеме ашылуы мүмкін. Мұнда педофилдер, маньяктар, каннибалдар мен террористер қамалады.

Ал қазір аса ауыр қылмыс жасап, қатаң жазаға тартылғандар Қостанай облысындағы "Қара бүркіт" түрмесіне тоғытылып жатыр, деп хабарлады Хабар 24.  

"Қара бүркітке" қамалған 386 қылмыскер бас-аяғы 500-дей адамның өмірін қиған екен.  

Темір торға тоғытылғандардың 150-і – өмір бойы бас бостандығынан айырылғандар. Жазасын өмір бақи өтейтіндер үшін мұнда 200 орын бар.

"Басқа облыстарда өмір бойы бас бостандығынан айыру мекемелерін ашу жоспарланып отыр", - дейді УК-161/3 мекемесінің бастығы Нұрбек Қабдікәрімов.

Қоғамда резонанс тудырған аса ауыр қылмыстарға қатысы барлар да осында. 14 шекарашы мен қорықшыны өлтірген Владислав Челах, 7 жастағы Виктория Ганяны зорлап, кейін өмірін қиған педофил Денис Лесников, Ақтөбеде тапатал түсте әскери бөлім мен полицияға шабуыл жасаған террористер...

"Бұл жерде 90-жылдардың соңында Алматы тұрғындарын үрейде ұстаған, қоғамда резонас тудырған "санитарлар" да бар. Олар санитар ретінде киініп, қарақшылық қылмыстар жасаған, адам өлтірген. Жеңіл жүрісті қыздарды өлтіріп, солардың етінен тұшпара жасап жеген. Каннибалдар ғой былайша айтқанда. Адам жегіштер", - деп түсіндірді Қабдікәрімов.

Тақырып бойынша

"Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды: істің мән-жайы белгілі болды
"Қара бүркітте" 19 адамда коронавирус инфекциясы расталды
Арқанкергендегі қырғын: Бүгін 15 адамды өлтірген Челахтың ісі қайта қаралады
Челахтың түрмеде көз жұмғаны рас па – ресми жауап
"Қара бүркітте" коронавирус: өмір бойына сотталғандар қалай емделеді
Желіде "Қара бүркіт" колониясының бастығы ұсталған сәт түсірілген видео тарады
Загрузка...

Басты тақырып