Өңірлер

Қазақстанның бір облысы "сары" аймаққа өтті

© Sputnik / Ксения ВоронинаКаспийское море, Актау
Каспийское море, Актау - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2021
Жазылу
Еліміздің басым бөлігі коронавирустың "қызыл" аймағында тұр  

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты.

29 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, көрсеткіш мынадай:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.
  • "Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары орналасқан.
  • "Жасыл" аймаққа Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді.

Оқи отырыңыз: QazVac вакцинасын қанша адам салдырды – министрлік есебін жариялады

Жаңалықтар
0