Өңірлер

Қарағанды облысында жоғалған қыз белгісіз ер адаммен қараусыз қалған үйден табылды

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Кәмелетке толмаған қыз иесіз қалған үйден табылды. Оның жанында 55 жастағы ер адам болған

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған қыз табылды. Полиция қызға қатысты азғындық жасады деген күдікпен 55 жастағы ер адамды ұстады.

Қарағанды облысы Қаражал қаласы полиция бөліміне 26 сәуір күні кешкі сағат он жарым шамасында қоңырау түскен. Әйел өзінің кішкентай қызының жоғалып кеткенін хабарлады.

Баланы іздеуге полицейлер, әкімдік қызметкерлері мен еріктілер шықты. Нәтижесінде қызды адам тұрмайтын үйден тапты. Оның жанында 55 жастағы бейтаныс ер адам болған. Ол қызды ұрлады деген күдікке ілінді.

Оқи отырыңыз: Сәтбаевтағы жаппай тәртіпсіздік: адвокат сотталушылардың жүйкесі сыр бергенін айтты

Кәмелет жасқа толмаған баланы азғырды деген күдікпен ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зорлық-зомбылықтың болып-болмағанын анықтау үшін сараптама жасалады.

Айта кетейік, былтыр жазда осындай оқиға Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында болды. Жоғалған бес жасар қыз егде жастағы ер адамның пәтерінен табылды. Қызды байлаулы күйде диванның астынан тапты. Осы жағдай тұрғындар арасында тараған соң мыңдаған адам тұрғын үйдің алдына жиналып, оларға педофилді беруді талап етті. Қалада тәртіпсіздіктер басталды. Баланы ұрлап, оған зорлық жасады деген күдікпен ұсталған азамат тергеу изоляторында өзіне қол жұмсады.

Жаңалықтар
0