Өңірлер

Маңғыстауда арқар атқан броконьерлер жергілікті полицейлер болып шықты – видео

© Sputnik / Устинов / Медиабанкке өтуРедкие гости: уриалы попали на видео в в Мангистау
Редкие гости: уриалы попали на видео в в Мангистау - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2021
Жазылу
Экологиялық инспекторлар заңды талаптарын орындамаған Toyota Hilux көлігін қуып жүріп ұстаған

НҰР-СҰЛТАН, 27 сәуір – Sputnik. Қызылсай табиғи паркінің аумағында табиғат қорғау инспекторлары арқар атып алған қарулы төрт адамды ұстады, деп хабарлайды lada.kz басылымы.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы Талғат Әленовтің айтуынша, қарулы адамдар Қызылсай мемлекеттік табиғи паркінде 23 сәуірде ұсталған.

Экологиялық инспекторлар инспекторлардың заңды талаптарын орындамаған Toyota Hilux көлігін қуып жүріп ұстаған.

"Инспекторлар көлікті тоқтатып үлгерді. Қашуға тырысқан төрт адамның көлігінен оқ-дәрілер мен аңшы мылтықтар және ұстау орнынан алыс емес жерде арқардың ұшасы табылды", – деді Талғат Әленов.

Оқиға орнына тергеу тобы шақырылды. Инспекцияда көрсетілген қосымша ақпарат құзыретті органдардың мүдделері үшін жария етілмейді.

"Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп атап өтті Әленов. 

Ал Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаевтың Facebook-тегі парақшасында ұсталғандардың екеуі Маңғыстау облысының учаскелік полиция қызметкерлері екенін мәлімдеді. 

Жаңалықтар
0