НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында ер адам асыл тұқымды бұзауды ұрлап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті шаруа қожалықтардың бірінің басшысы бұзау ұрланғаны туралы арызбен полиция бөліміне шағымданған.
Оның айтуынша, белгісіз біреулер ферма аумағынан құны 150 мың теңгеге бағаланатын герефорд тұқымына жататын 1,5 айлық бұзауын ұрлап кеткен.
Аталған факті негізінде полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде сол шаруа қожалықта жұмыс істейтін Қашыр елді мекенінің 24 жастағы тұрғынын ұстады. Ол бұзауды басқа бір ауылдасына 20 000 теңгеге сатып үлгерген.
Қазіргі кезде бұзау иесіне қайтарылды.
Сонымен қатар тексеру нәтижесінде оның 50 литр жанармай мен 4 қап кебек ұрлағаны анықталды.
Оқи отырыңыз: Мал ұрлығы үшін жаза күшейтіледі – Бас прокуратура
Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.