Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда жұмысшы алаяқтарға беру үшін 2 миллион теңге кредит алған

© Sputnik / Абзал КалиевПортмоне с деньгами
Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2021
Жазылу
Айыртау ауданының тұрғынына алдымен дауысы жағымды әйел хабарласқан. Одан кейін банктің қауіпсіздік қызметімен байланыстырамын деп тұтқаны ер адамға берген

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында қарапайым жұмысшы интернет-алаяқтарға 2 миллион теңгені өз қолымен салып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция депаратментінің мәліметі бойынша Айыртау ауданының тұрғынына алдымен дауысы жағымды әйел хабарласқан. Одан кейін банктің қауіпсіздік қызметімен байланыстырамын деп тұтқаны ер адамға берген. Ол алаяқтардың шотты бұғаттап тастағанын және жаңа шот ашу қажеттігін айтқан. Ер адам нағыз қауіпсіздік қызметінің маманы сияқты сенімді сөйлеген. Ал қарапайым жұмысшы оған алданып қалған. Жалпы бұл – инернет-алаяқтың кеңінен тараған түрі. Осы жолы да алаяқтар: "Олай істемесеңіз, өз ақшаңызды ешқашан көрмейсіз, шотыңыздан үнемі жоғалып тұрады", - деп иландырған. 

Оқи отырыңыз: Он бір банк қазақстандықтарға үндеу жасады 

Осылайша аудан тұрғыны 2 миллион теңгеге кредит алып, алаяқтар айтқан банк картасына аударған. Құпия сөзді де, sms-хабарламасымен келген кодты да берген. Жұмысшы байланыс үзілгеннен кейін ғана алаяқтың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арыз түсірді.

"Банк қызметкерлері ешқашан қаржылық операциялар жасауды немесе телефон арқылы құпия ақпараттарды хабарлауды талап етпейтінін естен шығармаған абзал. Осындай қоңырау келіп түскен жағдайда сөйлесуді тоқтатқан дұрыс. Егер сіз шотыңыздағы салымдарыңыздың жағдайын білгіңіз келсе, банктің өзіне бару қажет", - дейді полиция бөлімінің бастығы Марат Серкешов.

Жаңалықтар
0