Өңірлер

Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям КазахстанаГлава МЧС провел облет паводкоопасных участков в двух областях
Глава МЧС провел облет паводкоопасных участков в двух областях  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрі, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысы әкімдерінің орынбасарлары өңірде су басу қаупі айтарлықтай төмендегенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір — Sputnik. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям КазахстанаТЖМ Юрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады
Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
ТЖМ Юрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады

Негізінен Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінің ағысы бойынша су деңгейі артуда және өзен алқабы суға толуда.

"Су деңгейінің көтерілуі қауіпті межеге жетпейді. Өзен арнасы таза, мұз байқалмайды", - деп жазылған хабарламада.

Ал Ақмола облысының аумағын ұшақтан бақылау кезінде су тасқынына қатысты жағдай қалыпты екені анықталды.

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям Казахстана Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Есіл өзеніндегі жағдаймен танысуда
Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Есіл өзеніндегі жағдаймен танысуда

"Колутон өзенінің кей бөліктерінде қауіпті жағдай байқалады. Бір апта бойы су деңгейінің көтерілуін байқадық. Қазір төмендеп жатыр. Шамамен 10-14 күннен кейін жағдай қалпына келуі тиіс", - деп атап өтті Юрий Ильин.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы шаруа қожалықтары Ақмола және Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аудандарында орман алқабы маңындағы құрғақ шөпті жоспарлы өртеу жұмыстарына кіріскенін айтты.  

© Photo : Пресс-служба министерства по чрезвычайным ситуациям КазахстанаЮрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады
Екі өңірде су тасқыны қаупі едәуір сейілді – ТЖ министрі   - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Юрий Ильин елдегі су басу қаупі жоғары өңірлердегі жағдайды әуеден бақылады

Министрдің айтуынша, көктемде көбінесе бақылаусыз жүргізілетін осы жұмыстар өрт туындауына себеп болады.

"Олар бұл жұмыстарды қар ери салысымен бастап кетеді. Құрғақ шөпті өртеу жұмыстарын жүргізген жағдайда біздің төтенше жағдайлар департаменттеріне алдын ала хабарлаңыздар. Мұндай шаралардың төтенше жағдайларға алып келуіне жол бермеу керек", - деді Ильин.

Жаңалықтар
0