Өңірлер

Қостанай облысында вакциналау тоқтатылды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуҚұтыдағы екпе
Құтыдағы екпе - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2021
Жазылу
Азаматтарды вакциналау науқаны басталғалы бері Қостанай облысында 30 мыңнан астам адам екпе салдырған

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қостанай облысында вакциналау шараларын тоқтатуға тура келді. Себебі осы өңірде вакцинаның бірінші компоненті таусылып қалды, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

"Мен екі апта бұрын вакцина салдыруға шешім қабылдадым. Бірақ емханаға баруға уақытым болмады. Жұмыстан шыға алмай жүрдім. Кеше уақыт тауып, емханаға барғанмын. Бірақ ол жерде вакцина бітіп қалған екен. Жақын арада жеткізіледі деген сенім бар", – дейді Қостанай қаласының тұрғыны Еркін Қоңырша.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша бүгін екпе жеткізілуі тиіс.

"Вакцина Нұр-Сұлтанда болған. Бүгін біздің қоймамызға жеткізіледі. Облысқа, шамамен, 5 мың доза жіберіледі. 25-26-сы күндері 21 мың доза, ал 28 сәуірде 6 мың доза келеді деген жоспар бар", – деді басқарма басшысының орынбасары Анжела Бексұлтанова.

Оқи отырыңыз: Вакцина салдырғаннан кейін екпе куәлігін ашып көрген елорда тұрғыны аң-таң болды

Айта кетейік, вакциналау басталғалы бері Қостанай облысында 30 мыңнан астам адам екпе салдырды.

Жаңалықтар
0