Өңірлер

Каспий жағалауынан ондаған түйенің өлексесі табылды – фото  

© Photo : CC0 / Alexas_FotosТүйе
Түйе - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Жазылу
Каспий теңізінде болған дауыл ондаған түйенің өлексесін жағаға шығарып тастаған. Ал үй жануарларының неден өлгені белгісіз

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір – Sputnik. Каспий жағалауынан түйелердің жаппай қырылу оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

© Photo : акимат Мангистауской областиТеңіз жағалауына шығып қалған жануар өлексесі
Каспий жағалауынан ондаған түйенің өлексесі табылды – фото   - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2021
Теңіз жағалауына шығып қалған жануар өлексесі

Ресми мәліметке сәйкес, Түпқараған ауданында "Көсе" деген жер бар. Халық арасында оны "Досханның атқорасы" деп атайды. Сол маңдағы теңіз жағасынан 20 түйенің өлексесі табылды.  

"Мамандар үй жануарлары көктемнің басында суға батып кеткен деп есептейді. Содан қатты дауыл кезінде өлекселер жағаға шығып қалған болуы мүмкін", – дейді әкімдік қызметкерлері.

Қазіргі кезде аудандық әкімдік, төтенше жағдайлар бойынша облыстық департамент пен ветеринарлық станция мамандары өлекселерді жою жұмыстарын бастап кетті.

Оқи отырыңыз: Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті

Жаңалықтар
0