НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Қызылорда және Маңғыстау облыстары коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді.
Қауіпті аймақта 10 өңір: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау облыстары тұр.
"Сары" аймақта тұрған Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймаққа өтті.
Оқи отырыңыз: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қатысты болжамды өзгертті
Осылайша "жасыл" аймаққа Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары енді.
"Сары" аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары қалды.