16:45 09 Мамыр 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR514.35
  • RUB5.72
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
39 0 0

Қазіргі уақытта "Достық" атты жаңа спорт мектебінде 200-ге жуық бала спорттың бес түрінен тегін жаттығып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір — Sputnik. Түркістан облысының Сайрам ауданында өткен жылы салынған тойхана пандемияға байланысты бос тұрды.

Сондықтан жергілікті бизнесмен Өмірхан Оразымбетов тойхананы спорт залға қайта жасақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Оралда тойға келген қонақтар жертөлеге жасырынып қалған - видео 

Қазіргі уақытта "Достық" атты жаңа спорт мектебінде 200-ге жуық бала спорттың бес түрінен тегін жаттығып жатыр. Мұнда таэквондо, дзюдо, самбо, карате және гимнастика үйірмелері бар. Сегіз білікті бапкер балаларды спортқа баулуда.

Бұдан бөлек, екінші қабатта ересектерге арналған зал жұмыс істейді. Сайрам ауданы спорт бөлімінің мамандары ұсынған ақпаратқа сәйкес, мұнда ауыл жастары бос уақытын тиімді өткізеді.

Кілт сөздер:
Түркістан облысы, тойхана
Загрузка...

Басты тақырып