Өңірлер

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз көшеден табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековМектеп оқушысы, архивтегі сурет
Мектеп оқушысы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.04.2021
Жазылу
Полицейлер үш тәулік бойы аулалар мен көшелерді сүзіп шықты, куәгерлерден жауап алды, оқушы баруы мүмкін орындарды тексерді

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер жоғалып кеткен 13 жастағы қызды тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Кешке таман Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, 13 жастағы қызының үйден шығып, қайтып оралмағанын айтқан.

Тәртіп сақшылары бірден жедел шара қабылдап, оқиға орнына аттанды. Олар аулалар мен көшелерді сүзіп шықты, куәгерлерден жауап алды, оқушы баруы мүмкін орындарды тексерді.

Нәтижесінде үш тәулік ішінде Сарыағаш полицейлері кәмелетке толмаған қызды тапты. Ол Шымкент қаласының көшесінде жалғыз өзі жүрген.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысында жоғалған келіншекті іздеуге келген құтқарушының өзі суға кетті

Белгілі болғандай, қыз анасымен ұрсысып, үйден кетіп қалған.

Полиция оқушы қызды аман-есен әке-шешесіне қайтарды. Баланың анасы полицейлерге ризашылығын білдірді.

Түркістан облысының полицейлері ата-аналарға мұқият болуды, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Жаңалықтар
0