Өңірлер

Ақтөбеде төрт жыл бұрын ауыр қылмыс жасаған ер адам ұсталды

CC0 / / Ер адам, иллюстративті сурет
Ер адам, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.04.2021
Жазылу
Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны бұған дейін ұрлық үшін сотты болған, ер адам кінәсін мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде төрт жыл бұрын қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс 2017 жылы желтоқсанда жасалды. Шолақ мылтықпен қаруланған ер адам түнде азық-түлік дүкеніне баса-көктеп кіріп, оқ атып, кассадан 165 мың теңгені алып кеткен.

Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті төрт жыл бойы табылмады.

Осы жылдың сәуірінде Ақтөбе облысының полицейлері бұрын жасалған ауыр қылмыстарды ашу бойынша жүргізілген жедел шаралар барысында күдіктіні анықтады.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 90-жылдары елді дүрліктірген маньяк қайта қылмыс жасады

Ол Қарғалы ауданының 32 жастағы тұрғыны, бұрын ұрлық үшін сотталған. Ұсталған ер адам шабуылды қалай жасағанын айтып, кінәсін мойындады.

Күдікті Қылмыстық-процессуалды кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталып, Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтар
0