Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда бірнеше ауданда ірі қараның құтыру фактісі тіркелді

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областиФермадағы ірі қара
Фермадағы ірі қара - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Жергілікті ветеринария басқармасының дерегінше, үй жануарлары жабайы аңдармен байланысуы салдарынан құтыруы ауруы жұққан

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында тағы бірнеше сиырдың құтырғаны анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық ветеринария басқармасы зерттеу нәтижесі бойынша Ақжар ауданындағы "Ақерке" шаруа қожалығында, Жамбыл ауданындағы Қарақамыс ауылында, Мүсірепов ауданындағы Қазақстанның 15 жылдығы ауылында, Жұмабаев ауданындағы "Куломзино" шаруа қожалығында шектеу енгізілгенін хабарлады. Мұнда бір ірі қарадан құтыру ауруы анықталған.

"Қыс-көктем айларында елді мекендерді жабайы аңдар жиі маңайлап, үй жануарларының жыртқыш аңдармен байланысуы салдарынан ауру жұғып отыр. Ауылда түлкі мен қарсақ сияқты жыртқыштардың көптеп жүруіне жергілікті халық куә. Ауру пайда болған орындардың барлығында құтыруға қарсы екпе салу бойынша профилактикалық шаралар қолға алынды", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Солтүстік Қазақстан облысындағы Тимирязев ауданында "Атамекен-Агро–Тимирязево" ЖШС-інде түлкі тістеп алған сиырдың құтыру дертін жұқтырғаны анықталды. Шаруашылықта 60 күндік шектеу енгізілді.

Ал ақпанда Мамлүк ауданындағы Мыңкесер аулында жеке иеліктегі сиырдан құтыру анықталып, ірі қара арам өлді. Ол жақта аурудың таралуына жол бермейтін тиісті шаралар жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында полиция көшедегі адамдарға шабуылдаған сиырды атып тастады

Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов Тимирязев ауданында жабайы жыртқыш аңдардың санын реттеу бойынша экология министрлігіне хат жолдағанын мәлімдеді. Әзірше ведомство бұл хатты қарастырып жатыр.

Жаңалықтар
0