Өңірлер

Әйелімен ұрсысып қалған: Павлодарда ер адам 16-шы қабаттан секірмек болды – видео

© AP Photo / Darko VojinovicШатырда отырған адам
Шатырда отырған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2021
Жазылу
Полицейлер қала тұрғынын әңгімеге тартып, бір сағаттан артық сөйлесіп, ажалдан аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір – Sputnik. Павлодарда полицей 16-шы қабаттан секірмек болған ер адамды құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға 15 сәуірде күндізгі төрттер шамасында болды. Полицияға Назарбаев көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде ер адам 16-шы қабаттан секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.

Полицейлер мен шұғыл қызмет дереу оқиға орнына аттанды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПАВЛОДАР 🇰🇿 PAVLODAR (@vpavlodare.kz)

Анықталғандай, мас ер адам әйелімен ұрсысып қалған. Полицейлер бірден 16-шы қабатқа көтерілді.

Павлодар қаласы ПБ орталық полиция бөлімінің жедел уәкілі Асхат Маралбаев тұрғынмен бір сағаттан артық сөйлесіп, райынан қайтаруға тырысты.

Соңында тәртіп сақшысы оңтайлы сәтті пайдаланып, ер адамның өмірін құтқарып қалды.

Қала тұрғыны медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

Жаңалықтар
0