Өңірлер

Күн суытады: синоптиктер ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуЖаңбыр, архивтегі сурет
Жаңбыр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.04.2021
Жазылу
Аптаның соңына қарай республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, шаңды дауыл көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір – Sputnik. Қазгидромет 15-17 сәуір аралығындағы ауа райына болжам ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, ол Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарынан ауа райы құбылмалы болады.

"Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі", - делінген хабарламада.

Дабылды ескерту

15 сәуірде Қызылорда облысында найзағай ойнап, шаңды дауыл соғуы мүмкін. Күндіз кей жерлерде бұршақ түседі деп болжанып отыр. Солтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел тұрады. Қызылорда қаласында таңертең және күндіз шаңды дауыл, найғазай болжануда. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде.

Түркістан облысында кей жерлерде найзағай ойнайды, жел күшейеді.

Тағы оқыңыз: Биыл жаз қандай болады – синоптиктер болжам жасады

Қостанай облысында кей жерлерді тұман басады.

Солтүстік Қазақстан облысында да – тұман.

Қарағанды облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжанып отыр.

14-16 сәуірде Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман, найзағай, қатты жел. Таразда 15 сәуір күндіз найзағай ойнайды.

Жаңалықтар
0