НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Өскемен қаласында көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлады Altaynews.kz.
Үйді тексергеннен кейін құтқарушылар үйдің жертөлесінен 3 оттегі мен 3 газ баллонын алып шықты.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін үйге қызмет көрсететін ұйымның қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Құтқарушылар жертөлені желдетіп, қауіп сейілгеніне көз жеткізген соң тұрғындарға пәтерлеріне оралуға рұқсат берді. ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады, - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, газ баллондарын тұрғын үйлердің жертөле үй-жайларында сақтауға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керек.