Өңірлер

Жұмыс іздеуге шыққан: Қызылордада ер адам жоғалып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневЕр адам, архивтегі сурет
Ер адам, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Жазылу
Ер адам таңертең үйінен шығып, белгісіз бағытта жоғалып кеткен. Туысқандары ер адамды жиырма күннен бері іздеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір – Sputnik. Қызылордада 55 жастағы жергілікті тұрғын Тұяқбай Бектұрғанов жоғалып кетті. Туысқандары 23 наурыздан бері еш хабар ала алмай отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Сол күні таңғы жетілер шамасында Тұяқбай Бектұрғанов жұмыс іздеу үшін үйінен шығып, белгісіз бағытта жоғалып кетті. Осыған байланысты туыстарының өтінішімен іздеу жарияланды", - деп мәлімдеді Қызылорда облысының полиция департаментіндегілер.

Полицейлер жоғалған адамды көргендер болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрады.

"Бектұрғановтың белгілері: бойы 160-165 сантиметр, арықша келген, шашы қысқа, ақшыл сары, көзі қоңыр, ішінде операциядан қалған тыртық бар. Үйден шыққан күні үстінде қара бас киім, қою көк түсті куртка, жағасы бар қоңыр свитер, қара джинс шалбар, аяғында қара кроссовка болған", - деді олар.

© Photo : ДП Кызылординской областиТұяқбай Бектұрғанов
Жұмыс іздеуге шыққан: Қызылордада ер адам жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.04.2021
Тұяқбай Бектұрғанов

Тұяқбай Бектұрғанов Қызылорда аумағынан тыс бір жерде жұмыс істеп жүрген болуы мүмкін.

Өйткені жуырда екі жыл бұрын дәл осылай хабар-ошарсыз кеткен басқа қызылордалық табылды.

Тағы оқыңыз: Петропавлда 22 жастағы қыз тоғыз күннен бері табылмай жатыр

"Ол ер адам Түркістанда вокзал маңынан табылды. Полицияға Қармақшы ауданының 48 жастағы тұрғынының жоғалғаны туралы 2018 жылы қазанда үлкен ағасы хабарлаған еді. Анықталғандай, әлгі адам осы уақыт бойы Алматы облысындағы фермада мал баққан", - деді полиция департаментінің қызметкерлері.

Жаңалықтар
0