Өңірлер

Ақтөбеде такси жүргізушінің не үшін ұсталғаны белгілі болды

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуЗнак такси на автомобиле
Знак такси на автомобиле - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Ақтөбеде такси жүргізуші мектеп оқушысын қағып, апат болған жерден кетіп қалған. Полицейлер күдіктіні ұстады

АЛМАТЫ, 12 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде такси жүргізуші қағып кеткен қыз түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлады жергілікті "Мой Город" басылымы.

Баланы көлік қағып кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2019
Оқиға
Алматыда баланы қағып кеткен жүргізуші көлігін тастап, қашып кетті
Апат 8 сәуірде №12 ықшам ауданындағы жаяу жүргіншілер жолында болған. ВАЗ автокөлігінің жүргізушісі 12 жастағы қызды қағып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, кәмелетке толмаған қыз Ақтөбе қаласы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

"Дереу "ұстау" жоспары жарияланып, нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері жол апатына себепкер автокөлік иесін тоқтатты. Көлікте мобильді қосымша арқылы жеке тасымалдаумен айналысатын 59 жастағы жүргізуші болды", - деді полиция.

Сараптама көлік жүргізушінің мас болмағанын көрсетті. Аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0