Өңірлер

Шығыс Қазақстанда екі әйел жалған құжатпен түрмеге кіргісі келген – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Владислав ВодневПаспорт гражданина Казахстана
Паспорт гражданина Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Екі әйел жазасын өтеп жүрген "күйеулеріне" жалған құжатпен екі күнге кірмекші болған. Олардың кінәсі дәлелденсе қылмыстық жауапқа тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында екі әйел жалған құжаттардың негізінде сотталғандармен ұзақ уақытқа кездесуге келген. Олар неке туралы куәлікті қолдан жасатып, жазасын өтеп жүрген "күйеулеріне" екі күнге кірмекші болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Шығыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, әйелдер басқа қаладан келген. Сосын өздерін сотталған екі азаматтың заңды некеде тұрған жұбайлары ретінде таныстырып, екі күнге кездесуге кіргісі келетінін айтты. Неке туралы куәліктерін де көрсеткен.

"Құжатты тексеру кезінде қызметкерлер неке туралы куәліктерінің түпнұсқалығына күдіктеніп қалды. Екі құжат та мереке күндері берілген екен. Ол кезде тиісті мекемелер жұмыс істеген жоқ. Куәліктер екі бөлек ауданда бірелсе де, бір адамның қолтаңбасы тұр. Құжаттардың бланкісі де ескіріп қалған", - дейді мамандар.

Оған қоса, сотталғандардың жеке істерін тексеру кезінде екі әйелдің заңды жұбайы екенін дәлелдейтін құжаттар табылмады. Жазасын өтеп жүрген ер адамдардан жауап алынды. Олар неке туралы куәліктерінің қалай және қашан берілгенін айта алмады.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында жалған дипломмен жұмыс істеген ұстаздар анықталды

"Мекемеге бірден полиция шақырылды. Екі әйелдің кінәсі дәлелденсе, олар қылмыстық жауапқа тартылады", - деп атап көрсетті депаратмент қызметкерлері.

Жаңалықтар
0