Өңірлер

Қазақстан 12 күн бойы "қызыл" аймақта тұр – Цой

© AFP 2024 / PRAKASH SINGHДезинфекция шаралары
Дезинфекция шаралары - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2021
Жазылу
Министрдің айтуынша, коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен аптада төрт өңір қосылды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өңірлердегі эпидемиологиялық ахуал туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстан 12 күн бойы "қызыл" аймақта тұр. Сондай-ақ, қызыл аймақта сегіз өңір орналасқан. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Алматы және Ақтөбе облысы", – деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өткен аптада төрт өңір қосылды. Қазір барлығы жеті өңір тұр. Атап айтқанда: Шымкент қаласы мен Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облысы.

"Жасыл" аймақта, тек Түркістан мен Шығыс Қазақстан облысы ғана қалған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қатаң карантин енгізіле ме?

Жаңалықтар
0