Өңірлер

Ақтөбе облысында белгісіз зат жарылды: екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр

© Photo : МЧС КазахстанаВзрыв газового баллона в Хромтау
Взрыв газового баллона в Хромтау - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Жазылу
Үйде болған адамдар жарақат алды. Олар ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір - Sputnik. Ақтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Салдарынан үйдің бір бөлігі құлап, жеті адам жарақат алды, оның үшеуі балалар.

© Photo : mgorod.kzАқтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды
Ақтөбе облысында белгісіз зат жарылды: екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Ақтөбе облысы Ақжар ауылындағы жер үйлердің бірінде жарылыс болды

Қайғылы оқиға 11 сәуірде сағат 16.00 шамасында Хромтау ауданы, Ақжар ауылында болған. Бұл туралы mgorod.kz жергілікті сайты Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

"Олардың барлығы күйік алған. Жарылған газ емес. Ақ зат. Біреу оны үйге алып келген, зардап шеккендер ештеңе айтпайды. Екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр. Қалғандары, оның ішінде балалар да бар, күйікпен палатада жатыр", - деп хабарлады Хромтау аудандық ауруханасындағылар.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Жаңалықтар
0