Өңірлер

Ірі қара арасында індет тарап жатыр: Солтүстік Қазақстанда шаруашылықта шектеу күшейді

© Photo : СС0 / Michael GornigСиырлар
Сиырлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2021
Жазылу
Ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжановтың айтуынша, инфекция жабайы жануардың сиырлардың бірін тістегеннен кейін пайда болған

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтың бірінде сиырлардың құтыруына байланысты шектеу шаралары енгізілді. Ветеринарлық тексеріс нәтижесі індеттің ірі қара арасында жұға бастағанын расталды.

Бұған дейін нормативтік-құқықтық актілердің ашық сайтында қаулы жобасы талқылауға ұсынылған болатын. Құжат ірі қара мал арасында құтыру ауруының өршуіне байланысты шектеу шараларын қолдану мәселесін қарастырады.

Осы қаулының негізінде Солтүстік Қазақстандағы Докучаево ауылындағы "Атамекен-Агро-Тимирязево" ЖШС-нің мал шаруашылығы кешеніне шектеу шаралары енгізілді.

Жергілікті Petropavlovsk.news сайтының дерегінше, "Атамекен-Агро-Тимирязево" шаруашылығындағы сиырлардың бірінде құтыру фактісі зертханалық зерттеулер нәтижесінде расталған.

"Құтыру ауруын өршітпеу мақсатында шаруашылықта шектеу шаралары енгізілді. Ал жұқтыру ошағындағы процестің барлығы да ветеринария саласындағы нормативтік-құқықтық актілер негізінде іске асырылатын болады", – деді облыстық ветеринария басқармасының басшысы Берік Әлжанов.

Оның айтуынша, инфекция жабайы жануардың сиырлардың бірін тістеуінен пайда болған.

"Соңғы кездері инфекцияның ықтимал көзі болып табылатын жабайы жыртқыштардың (түлкі, қарсақ, т.б.) жағдайлары елді мекендерде жиілеп кетті. Бақытымызға орай, адамның құтырумен ауыруы немесе жануарлардың жаппай ауруы тіркелмеді", – деп атап өтті ол.

Оқи отырыңыз: Малдан қауіпті ауру табылған: Қазақстанның батысында карантин енгізілді

Әкімдік өкілдерінің түсіндіруінше, тиісті ветеринариялық шаралар аясында вакциналау мен дезинфекция жүргізілген соң шаруашылықтағы шектеулер алынатын болады.

Жаңалықтар
0