Өңірлер

Атылған оқтың дауысы мен түтін ақтаулықтардың зәресін ұшырды – ҰҚК не болғанын айтты

© Sputnik / Тимур БатыршинТренировки спецподразделения МВД РК "Арлан", архивное фото
Тренировки спецподразделения МВД РК Арлан, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2021
Жазылу
Оқу-жаттығуларға әскери нысандар жұмылдырылды, имитациялық құралдар қолданылды, деп түсіндірді Ұлттық қауіпсіздік комитеті

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Ақтау тұрғындары бір-біріне Ұлттық қауіпсіздік комитеті ғимараты қоршауының артында болған атыстың видеосын жіберді. Болған жайт желі қолданушыларының үрейін ұшырды. ҰҚК өңірде оқу-жаттығулар өтіп жатқанын хабарлады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың күш-құрылымдарының қатысуымен оқу-жаттығулар өткізілгенін жеткізді.

Оқу-жаттығуларға мемлекеттік және әскери нысандар қатысты, терроризмге қарсы қорғалудың жай-күйін тексеру үшін имитациялық құралдар қолданылды.

Арнайы операция: ҰҚК аса қауіпті қылмыстық топты ұстады – видео

Жаттығу аумағында көліктер мен жаяу жүргіншілердің жүруіне  шектеу қойылды.  

ҰҚК облыс тұрғындарынан сабырлық танытуды, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды және қажет болған жағдайда құқық қорғау және күштік органдарға көмек көрсетуді сұрады.

Жаңалықтар
0